«Таңбалы» қорық-музейі
2025 жылдың ақпан айының 19 күні «Таңбалы» музей-қорығының Ғылыми – әдістемелік кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
20 Февраля 2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» директорының 2024 жылғы 15 сәуірдегі Ғылыми кеңес құрамын бекіту туралы ережесіне сәйкес 2025 жылдың ақпан айының 19 күні «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының Ғылыми – әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысына экскурсовод мамандар шақырылды.
Күн тәртібінде:
Таңбалы музей-қорығының ашық аспан астындағы экспозициясының халықаралық талаптарға сай және келушілердің сұранысына байланысты экскурсиялық мәтінін жаңарту, жүйелеу және қайта қарау.
Туристерге арналған жаңа бағыттарды енгізу.
Барлық туристік маршруттарға арналған мәтіндерді біркелкі мәнерде қайта жазу қарастырылды.
Ғылыми – әдістемелік кеңестің мүшелері: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Е. Қартаева, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты В.А.Новоженов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері А.А. Горячев және музей-қорықтың директоры Б. Дандығараева мен ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері қатысып күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.