Біз әлеуметтік желілердеміз

Қайырымдылық күні аясындағы игі іс

Жаңалықтар
15 Марта 2026

Наурызнама онкүндігі аясындағы 15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығына барып, балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, сыйлықтар табысталды. Іс-шараның басты мақсаты – Наурыз мейрамының мейірім, жанашырлық және қамқорлық құндылықтарын дәріптей отырып, инклюзивті білім беру қағидаттарын қолдау және «Шекарасыз мәдениет» бастамасы аясында мәдениетті баршаға қолжетімді ету. Музей-қорық ұжымы балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй тарту етіп, қоғамда өзара қолдау мен ізгіліктің маңызын насихаттады.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз