Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы бос орындарға конкурс жариялайды

Жаңалықтар
16 Сентября 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәжениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос орындарға конкурс жариялайды

Мекенжай: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ селолық округі, Қарабастау ауылы, Таңбалы көшесі, 5Б.

Эл.пошта: tamgaly@mail.ru

Телефон: 8 701 929 85 45

Бос лауазым атауы: Біліктілігі жоғары деңгейлі бухгалтер маманы;

Функционалдық міндеттері:

  • Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу және өзге де есептерін) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
  • Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  • Ғимараттағы жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қазаннан кейін түгендеу жұмысын жүргізуді ұйымдастырады.

Еңбек ақы көлемі: 170.000- 190.000 тг аралығында;

Біліктілік талаптары:

  • Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бухгалтер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:16.09.2024ж. - 04.10.2024ж. аралығы;

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ ( нақты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

Бос лауазым атауы: Біліктілігі жоғары деңгейлі заңгер маманы;

Еңбек ақы көлемі мен шарттары: 170.000- 190.000 тг аралығында;

Функционалдық міндеттері:

  • Кәсіпорнының құқықтық негіздерін айқындайды (басшылардың өкілеттіктері, құрылымдық бөлімшілер туралы ережелер әзірлейді);
  • Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілер қорын есепке алу мен жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді;
  • Кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларын жауапты жұмыскерлермен келісу кезеңдерінің сақталуын тексеруді, құжаттар жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты жұмыскерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе күшін жою туралы нұсқамалар беруді жүзеге асырады;
  • Сотта кәсіпорын мүддесін білдіреді;
  • Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және заңгер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:16.09.2024ж. - 04.10.2024ж. аралығы;

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ ( нақты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

Бос лауазым атауы: Біліктілігі жоғары деңгейлі инспектор мамандары (2 бос );

Еңбек ақы көлемі мен шарттары: 170.000- 190.000 тг аралығында;

Функционалдық міндеттері:

  • Кешендегі археологиялық ескерткіштер мен өсімдіктер және жануарлар дүниесін қамтитын өзіне бекітіліп берілген учаскені тікелей қорғауды жүзеге асырады;
  • Қорықтағы табиғи обьектілердің, экожүйелердің және тарихи ескерткіштердің жағдайын қарайды, бақылап отырады;
  • Бекітілген кестеге сәйкес, қауіпсіздікті сақтау және бұзушылықтарды анықтау үшін музей-қорық аумағына шолу жасайды;
  • Кешендегі ақпараттық және маршруттық белгілердің болуын, жай-күйін тексеріп отырады;
  • Өзіне тапсырылған аймақтағы ескерткіштердің қорғалуына толық маериалдық жауапкершілікте болады.

Біліктілік талаптары:

  • Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс) бойынша немесе экология және табиғатты пайдалану, биология бойынша орташа немесе жоғары оқу білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.