Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи – мәдени және табиғи музей-қорығы» заңгер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жаңалықтар
06 Июня 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи – мәдени және табиғи музей-қорығы»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңгер

бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

  1. Лауазымдық міндеттері:

 

     2.1. Құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      2.2. Заңды тұлғаларды тіркеуді, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;

      2.3. Кәсіпорынның құқықтық негіздерін айқындайды (басшылардың өкілеттіктері, құрылымдық бөлімшілер туралы ережелер әзірлейді);

      2.4. Мүлікті сатып алуға  байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ереже әзірлейді;

      2.5. Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілер қорын есепке алу мен жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      2.6. Кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді;

      2.7. Кәсіпорын басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларын жауапты жұмыскерлермен келісу кезеңдерінің сақталуын тексеруді, құжаттар жобаларына қол қоюды, кәсіпорынның жауапты жұмыскерлеріне заңнаманың өзгерісімен шартталған актілерге өзгерістер енгізу немесе күшін жою туралы нұсқамалар беруді жүзеге асырады;

     2.8. Кәсіпорын шартпен келісілген жұмысты жүргізеді: шарттық қатынастардың нысандарын айқындайды, шарттар жобаларын әзірлейді, ұйымға контрагенттер ұсынатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды, шарттардың жекелеген түрлерінің нотариалды куәландырылуын және (немесе) мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;

      2.9. Кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмысты талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі шартпен келісілген жұмыстардың жай-күйін тексереді;

      2.10. Келіп түскен наразылықтарға жауаптар дайындайды және келіп түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды;

      2.11. Талап қою жұмысын жүргізеді, шарт дауларын реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;

      2.12. Талап өтініштері мен материалдарын дайындайды және оларды сотқа береді;

      2.13. Сотта кәсіпорын мүддесін білдіреді;

      2.14. Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды;

      2.15. Жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жаза қолданудың заңдылығын тексеруді жүзеге асырады;

      2.16. Тексерушілердің процессуалдық әрекеттерді сақтауын, тексерушілер шығарған қорытындылардың негізділігі мен дұрыстығын, тексеру нәтижелерін ресімдеу мен процессуалдық құжаттардың жасалуын құқықтық бақылау мақсатында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының кәсіпорынға жүргізетін тексерулері кезінде кәсіпорынның мүддесін білдіреді;

     2.17. Кәсіпорында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында ұйым атынан өкілдік етеді, мемлекеттік қадағалау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне, ұйымға заңсыз салынған әкімшілік жазаларға шағымдар дайындайды және жолдайды;

      2.18. Талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге құқылы;

      2.19. Кәсіпорын жұмыскерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша консультация беруді жүзеге асырады, заңдық құжаттарды құрастыруда құқықтық көмек көрсетеді.

       2.20.Мекеме қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі;

     2.21.Өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және бүлдірмей ұсталуын қамтамасыз етеді;

    2.22.Директордың және директордың орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындайды;

    2.23.Заңгер директордың шешімі бойынша түрлі себебтермен жұмыста жоқ қызметкердің функционалдық міндеттерін атқарады.

 

 

 

  1. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

 

Тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе негізгі орта білімі, арнайы оқу және мамандық бойынша еңбек өтілі  кемінде 2 жыл болуы тиіс. 

  1.  
  2. Білуі тиіс:

 -Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымын мамандығына сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, « Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану туралы» Заңдарын, Бүкіләлемдік мәдени-тарихи қорғау Конвенциясын, мекеменің жарғысы мен ережесін;

                - Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін;             

              - азаматтық, азаматтық процестік, қылмыстық-процестік, еңбек, қаржы, әкімшілік құқықты;

- ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдарды, ұйым бейінін, мамандануын және құрылымының ерекшеліктерін;

- құқықтық құжаттар бойынша іс қағаздар жүргізу стандарттарын;

                - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымын;

 

4.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік )

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  1. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

                Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жаряланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

                Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы  Сүйінбай  көшесі 14/3  мекенжайы бойынша қабылданады.

                Толық ақпаратты +7 (72770)  2-78-65  телефоны бойынша алуға болады

Біз әлеуметтік желілердеміз