Біз әлеуметтік желілердеміз

Инженер-сантехнигінің бос лауазымына уақытша орналасуға конкурс жариялайды

Жаңалықтар
27 Января 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи – мәдени және табиғи музей-қорығы»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны инженер-сантехнигінің

бос лауазымына (негізгі қызметкердің мерзімді әскери қызметті өткеруіне байланысты)  уақытша орналасуға конкурс жариялайды

 

  1. Лауазымдық міндеттері:

   1.Іске қосу, ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік, нормативтік және басшылыққа алатын басқа материалдарға сәйкес жабдықтың барлық түрін ретке келтіру және сынақтан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады және орындайды, оны пайдалануға уақытылы енгізуді қамтамасыз етеді. 

   2.Іске қосу, ретке келтіру жұмыстарын және сынақтар жүргізудің бағдарламаларын және күнтізбелік кестесін жасайды, оларды тапсырыс берушілермен келіседі

   3.Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және жабдықтар мен жүйелерді  пайдалануға енгізу үшін қажетті шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауды және іске қосу, ретке келтіру жұмыстары кезеңінде технологиялық процесстердің барысын  қамтамасыз етеді.  

   4.Жұмыс жүргізу сапасын бақылайды, жабдықтар мен жүйелер жұмысының қажетті параметрлеріне және сипаттамаларына қол жеткізу мақсатында ретке келтіру тәсілдері мен әдістеріне қажетті түзетулер енгізеді, оларды реттеуді жүргізеді.

   5.Жұмыстың параметрлері өлшемдердің деректерін талдайды, қажетті есептеулерді орындайды және жекелеген тетіктердің, тораптарды, механизмдердің, жүйелердің пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді, олардың жарамсыздығының себептерін анықтайды.

  1. Мекеменің бөлімшелерінің жабдықтық іске қосу, ретке келтіру жұмыстарын орындау кезінде анықталған ақауларын жоюжөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады.
  2. Қазіргі заманғы техника мен технологияны ендіру негізінде жабдықты ретке келтіру және сынақтан өткізуді ұйымдастыруды жетілдіруге, оның сенімділігін және үнемділігін арттыруға, еңбекті көп талап ететін жұмысты төмендетуге іске қосу, ретке келтіру жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді, олардың орындауын қамтамасыз етеді.
  3. Жабдықты монтаждау, ретке келтіру және сынақтан өткізу кезінде техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады, жабдықты пайдалануға қабылдауға, қабылдау тапсыру құжаттамасын ресімдеге, жұмыстағы аварияларды, ақауларды, жабдықтың бұзылуын тексеруге және олардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
  4. Пайдалану қызметкерлеріне ретке келтірілген жабдықтар мен жүйелерді пайдалану ережелері бойынша нұсқау береді.
  5. Отандық және шетелдік ғылым, техника жетістіктерін және іске қосу, ретке келтіру жұмыстарының алдыңғы қатардағы тәжірибесін ендіруге мүмкіндік жасайды.
  6. Жабдықтың конструкциясын жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстарды және өнертабыстарды қарауға, ретке келтіру және сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың алдынғы қатардағы тәжірибесін тарату жөнінде шаралар қабылдайды.
  7. Іске қосу, ретке келтіру жұмыстарына қатысатын қызметкерлерді басқарады және орындалатын жұмыстардың түрлеріне сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етеді.
  8. Өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және бұлдірмей ұстауын қамтамасыз етеді.
  9. Қолдағы мүлікті есепке алады, мезгіл-мезгіл тексереді және оны есептен шығару жөнінде актілер жасайды.
  10. Жылу жүйесін, су құбырларының қалыпты жағдайын сақтай отырып, дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  11. Жүйелердің ақаулысын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

 

  1. Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

 

  • Инженер-сантехник лауазымына жоғары кәсіби (техникалық) білімі және инженер лауазымында кемінде 3 жыл қызмет стажы бар тұлға тағайындалады;

 

  1. Білуі тиіс:

    - Конституцияны;

    - Еңбек кодексін;

    - "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"  Қазақстан Республикасының заңдарын;

   - Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша заңнамалық,   өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық  материалдар;

 

4.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

 

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік )

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  1. Қазақстан  Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жаряланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

            Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы  Төле би  көшесі 44 А  мекенжайы бойынша қабылданады.

            Толық ақпаратты +7 (72770)  2-14-94  телефоны бойынша алуға болады

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз