Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болды

Жаңалықтар
23 Ноября 2023

         
             Франция астанасы Парижде өткен ЮНЕСКО Бас конференциясында Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды.
Еліміздің кандидатурасына 118 мемлекет қолдау білдірген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин: «Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы.
Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді» - деп атап өтті.
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи-музей қорығы ЮНЕСКОНЫҢ Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 2004 жылы 7 шілдесінде енген!
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз