«Таңбалы» қорық-музейі
Көкбастау атшабарында Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі тойланды
Жаңалықтар
22 Марта 2023

22.03.2023 Көкбастау атшабарында Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі тойланды. Мерекелік шараға 40 киіз үй тігіліп, 15 мыңнан астам халық жиналды. 2000 литр наурыз көже таратылды.
Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты, «Таңбалы» музей-қорығы киіз үй тігіп, мерекеге атсалысты.
Шара барысында ұлттық ойындардан сайыс өтті. Қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру, қошқар көтеру, алтыбақан, көкпар, бәйге, тазы жарыстары болды.


