Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұлттық спорт күніне арналған іс-шара

Жаңалықтар
20 Марта 2026

Наурызнама онкүндігі аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұжымы 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында орналасқан спорт кешеніне барып, қазақ күресінен өткен шеберлік сабағын тамашалады.
Қазақ күресі – халқымыздың ежелден келе жатқан төл спорты, батырлық пен намыстың, күш пен төзімділіктің айқын көрінісі. Бұл спорт түрі арқылы біз ата-бабамыздың рухын сезініп, ұлттық мұрамызға деген құрметімізді арттырамыз.
Ұлттық спорт күні – ұлт рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды күн. «Таңбалы» музей-қорығы осындай игі бастамалар арқылы ұлттық мұраны насихаттауды жалғастыра береді.

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз