«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі аясындағы халықаралық конференция
Жаңалықтар
02 Апреля 2026

2026 жылдың 2 сәуірінде Ә.Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі аясында «Жартас суреттерін витринасыз ұсыну: жартас өнерін таныстыру және оны кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдері» атты Халықаралық конференция өтті.
Көрменің екінші бөлімінде шетелдік ғалымдар, музей мамандары мен сарапшылар бас қосып, петроглифтерді заманауи технологиялар арқылы қалай сақтауға және кеңінен насихаттауға болатыны талқыланды.
Конференцияда В.А.Новоженов, Владислав Ким, Жан-Марк Деом (Белгия), Алтынбеков Крым Касенханович, Фавзиль Маликов (Ресей, Башқұртстан), Коспенбетова Баян, Гумирова Ольга баяндама жасады.
Бұл іс-шара жартас өнерін витринасыз, жанды және инновациялық тәсілдермен ұсынудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға арналған.








3D Тур Таңбалы