Біз әлеуметтік желілердеміз

ЮНЕСКО тізіміне енгізілгеніне 20 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

Жаңалықтар
24 Мая 2024

       Бүгін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығында Орталық Азияның жартас өнерінің алғашқы ескерткіші «Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері» (2004) ЮНЕСКО тізіміне енгізілгеніне 20 жыл толуына орай «Жиырма жылдан кейін: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Орталық Азияның жартас өнері ескерткіштерін номинациялаудың жетістіктері мен жаңа перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарының бірінші күні бастау алды.
       Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға Тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Абишевич Байтанаев, тарих ғылымдарының кандитаты Алексей Евгеньевич Рагожинский, тарих ғылымдарының кандидаты Бақыт Эльтындиевна Аманбаева(Қырғызстан), Азбиддин Неъематиллаевич Холматов(Өзбекстан), тарих ғылымдарының кандидаты Елена Сергеевна Леванова(Ресей), Айдай Турдумаматқызв Сулайманова (Қырғыстан), Бобомулло Саимурадович Бобомуллоев(Тәжікстан), Олеся Анатольевна Кашчей(Ресей), химия-технологиялық зерттеулері және консервация-реставрациялау лабораториясының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Марина Аркадьевна Реутова (Өзбекстан), Қырым Қасенханұлы Алтынбеков, Любовь Филипповна Чарлина қатысып, талқылау жұмыстарын жүргізуде.
       Семинардың басты мақсаты Орталық Азияның жартас өнерін(петроглиф) ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне трансшекаралық сериялық номинацияны дайындаудың жаңа жетістіктеріне қол жеткізу.
 
 
 
 
 
 
Біз әлеуметтік желілердеміз