«Таңбалы» қорық-музейі
«Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты Халықаралық рухани-мәдени танымдық кеш
2025 жылы қазан айының 9-жұлдызында «Таңбалы тас» археологиялық ескерткіштерінде ғалым, шығыстанушы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты Халықаралық рухани-мәдени танымдық кеш өтті.
Мерейтойлық халықаралық рухани - мәдени кеште Шоқан зерттеулері бойынша ғылыми баяндамалар, далалық ғылыми экскурсия, «Шоқан және Таңбалы Тас мұрасы» атты тақырыптық ғылыми ойталқы ұйымдастырылды.
Далалық ғылыми кешке ЮНЕСКО өкілдері (Филипп Деланг), Алматы қаласындағы Үндістан консулы Шри Котаваде Свапнил Шарад, «Гобустан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы (Әзірбайжан), «Карелияның петроглифтерін басқару орталығы» (Ресей), «Сулайман – Тоо» (Қырғызстан) ұлттық тарихи-археологиялық музей комплексі қызметкерлері, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты қызметкерлері және т.б. қатысты. переведи на русский