Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» музей-қорығы петроглифтерге жүргізілетін мониторинг нәтижелерін ұсынды

Жаңалықтар
29 Ноября 2025

Жыл сайын «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Республикамызда петроглифтер мен оларды қоршаған археологиялық ландшафттың жағдайына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырған жалғыз мекеме. Мониторинг барысында археологиялық нысандардың сақталу деңгейі, табиғи ортаның жай-күйі, антропогендік әсер деңгейі және жартас бетіндегі бейнелердің тұтастығына әсер ететін факторлар кешенді түрде бағаланады. 2025 жылғы 29 қарашада «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында отандық ескерткіштерді қорғау саласының мамандарының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Кездесуде 2026–2028 жылдарға жоспарланған консервациялық және реставрациялық жұмыстардың бағыттары талқыланды. 

 
 
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз