Біз әлеуметтік желілердеміз

Таңбалы музей-қорығығың жаңа ғылыми журналы жарық көрді

Жаңалықтар
20 Октября 2025

 

  Бұл мерзімдік басылым Қазақстан мен Орталық Азиядағы жартас өнері ескерткіштерін зерттеу және сақтау бағытында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғылыми-зерттеу және музейлік қызметіне арналған. Бюллетеннің алғашқы нөмірі 2004 жылы «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар материалдарын қамтиды.

   2024 жылы «Таңбалы» музей-қорығының халықаралық қатысумен өткен тарихи-археологиялық кешенді экспедициясының Алмалы және Қоғалы алқаптарындағы ескерткіштер кешеніне жүргізілген далалық зерттеулерінің нәтижелері жарияланды. «Музей ісі» бөліміне «Таңбалы» музей-қорығы қор материалдарының жарияланымдары енгізілген.

  Басылым археологтарға, тарихшыларға, музей қызметкерлеріне, тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан мәдениеті тарихына қызығушылық танытатын кең оқырман қауымына арналған.

Журналды осы жерден жүктей аласыз Бюллетень №1. 2024

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз