Біз әлеуметтік желілердеміз

«Регель қызғалдағы» атты танымдық іс-шара

Жаңалықтар
25 Ноября 2025

   Қараша айының 24-жұлдызы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығында «Регель қызғалдағы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырып, өткізді.

   Іс-шара барысында қатысушы балалар Регель қызғалдағы мен табиғат тақырыбында сурет салып, өз шығармашылық жұмыстарын шағын фото-көрме форматында көрсетті. Балалардың жұмыстарында Регель қызғалдағының әсемдігі, табиғаттың нәзік сұлулығы және өсімдіктерді қорғау идеясы көрініс тапты.
 
   Сонымен қатар іс-шарада Қазақстанның Қызыл кітабына енген эндемик өсімдік — Регель қызғалдағының биологиялық ерекшеліктері, таралу аймағы, экожүйедегі рөлі және оны сақтау бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз