«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы» музей-қорығы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты
Жаңалықтар
19 Июля 2026

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында өткен «Музей қорындағы керамикалық жәдігерлерді консервациялау және реставрациялау» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.
Семинар барысында археологиялық мұраны сақтаудың заманауи әдістері, керамикалық жәдігерлерді консервациялау мен реставрациялау мәселелері, сондай-ақ сала мамандары арасындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.
Іс-шара аясында «Таңбалы» музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Қуаныш Нұрмақмұтов Таңбалы жартас суреттерін сақтау және реставрациялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Семинар қорытындысында қатысушылар реставрация шеберханаларының жұмысымен танысып, археологиялық жәдігерлерді ғылыми негізде сақтау және қалпына келтіру тәжірибесімен алмасты.




3D Тур Таңбалы