Біз әлеуметтік желілердеміз

Бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Экскурсовод

Жаңалықтар
24 Ноября 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи – мәдени және табиғи музей-қорығы»  республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының экскурсоводы

бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

  1. Лауазымдық міндеттері:

1.1. Бекітілген нормаға сәйке музей экспозицияларына, көрмелеріне «Таңбалы» кешенінің ашық аспан астындағы қорғалатын ескерткіштері мен петроглифтеріне экскурсия жүргізеді.

1.2. Ғылыми бөлімінің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.

1.3. Экскурсия бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тыңдаулар дайындауға, мәдени ағартушылық шаралар жүргізуге қатысады.

1.4. Өткізілген экскурсияларға катысқан туристердің, туристік фирмалардың есебін, тіркеуді жүргізеді.

1.5. Экскурсиялармен көрмелер ұйымдастырады.

1.6. Экскурсия жүргізу әдісін дамыту үшін жұмыстар жүргізеді.

1.7. Жарнамалық қызметті ұйымдастырады.

1.8. Функционалдық міндеттерін орындау барысында басқа мекемелердің өкілдерімен қарым-қатынаста болады.

1.9. 3ерттеу және ғылыми-әдістемелік, экскурсиялық-көпшілік және дәрістік жұмыстарын ұйымдастырады.

1.10. Экскурсиялық-көпшілік жұмыстар және мәдени шараларды ұйымдастыруға қатысады.

1.11. Өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және бүлдірмей ұсталуын қамтамасыз етеді.

1.12. Қолдағы мүлікті есепке алады, мезгіл мезгіл тексереді және оны есептен шығару жөнінде актілер жасайды.

1.13. Экскурсия және көрмелер ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен әдістемесін дайындауға катысады.

1.14. Дәрістік және анықтамалық-ақпаратық материалдар дайындайды.

         

  1. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

 

1.2. біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

 

  1. Білуі тиіс:

  -Конституцияны;

 - Еңбек кодексін;

 - "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

        - өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.

 

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік )

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  1. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

                Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жаряланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

            Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы  Төле би  көшесі 44 А  мекенжайы бойынша қабылданады.

            Толық ақпаратты +7 (72770)  2-14-94  телефоны бойынша алуға болады

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз