Біз әлеуметтік желілердеміз

Көрісу күні аталып өтті

Жаңалықтар
14 Марта 2026

14 наурыз – Амал күніне орай «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы мен Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалдық музейі ұжымы көрісу дәстүрін дәріптеу мақсатында Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалдық музейінде Көрісу күнін атап өтті. Бұл күн – адамдардың ұзақ қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен жүздесіп, амандық сұрасатын ерекше күн. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың көне дәстүріне сай қос қолдап амандасып, үлкендерден бата алып, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Сүйінбай Аронұлы шығармаларынан үзінділер оқылып, дәстүрлі терме мен күй орындалды. Көрісу күні – татулық пен бірлікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті дәріптейтін халқымыздың ерекше дәстүрі. Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық мұраны насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.

 

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз