Біз әлеуметтік желілердеміз

Сарыбұлақ – Таңбалы ЮНЕСКО назарында

Жаңалықтар
10 Сентября 2025

     2025 жылғы 10 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның мәдениет мәселелері жөніндегі өңірлік өкілі Филипп Деланж Сарыбұлақ ландшафтық-мәдени аймағына арнайы сапар жасады. Сапарды «Таңбалы» музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараева ұйымдастырып, археологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатқан аумақпен таныстырды.

Кездесуге сондай-ақ археолог, Таңбалы петроглифтерінің маманы Алексей Рогожинский, «Сарыбұлақ–2025» археологиялық экспедициясының ғалымдары, «Таңбалы» музей-қорығының қызметкерлері және DUALEST SAS компаниясының өкілі Гийом Дюбүи қатысты.
  • Сапар барысында археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері таныстырылып, Сарыбұлақтың тарихи-мәдени маңызы мен оны қорғау мәселелері талқыланды.
  • Мамандар халықаралық ынтымақтастық, мұраны сақтау және жергілікті қауымдастықтарды тарту бағыттарын сөз етті.
  • Бұл іссапар – Сарыбұлақ пен Таңбалының ортақ мәдени мұра ретінде халықаралық деңгейде насихатталуына жасалған маңызды қадам.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз