Біз әлеуметтік желілердеміз

Таңғаларлық археологиялық олжа.

Жаңалықтар
19 Июня 2024

     «Таңбалы» музей-қорығының жүргізіп жатқан халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясының Қоғалы алқабындағы қазба жұмыстары кезінде алғаш рет Қазақстанда өте сирек кездесетін тиын түрі табылды.

     Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизмат мамандары айтуы бойынша бұл тиынның түрі VII ғасырдың ортасынан бастап қолданыста болған.

     Демек, қазіргі уақытта музей-қорық экспедициясы зерттеп жатқан Қоғалы алқабындағы ескерткіштердің 7 және 8 ғасырдың бірінші жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түркілердің мәдениетіне жататындығы болжануда.

      Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасуда.

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз