Біз әлеуметтік желілердеміз

«Гобустан» тарихи-көркемдік қорық-музейінде «Таңбалы: уақыт пен кеңістіктегі мұра» атты Халықаралық фотокөрмесі өтті.

Жаңалықтар
03 Октября 2024

       2024 жылдың қазан айының 3 жұлдызында «Таңбалы» археологиялық ландшафтының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгеніне 20 жыл толуына орай, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен Әзірбайжан Республикасы «Гобустан» тарихи-көркемдік қорық-музейінде «Таңбалы: уақыт пен кеңістіктегі мұра» атты Халықаралық фотокөрмесі өтті.                           

       Халықаралық көрме аясында Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Ұлттық Академиясының жанындағы мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік қызмет мамандары және Әзірбайжан Республикасының 12 қорық музейлерінің басшылары қатысты. Көрмеге Таңбалы музей-қорығының қола дәуірінен бастап ортағасырларды қамтитын жартас суреттері қойылып, көрермендерге таныстырылды. Халықаралық көрме аясында «Жартас суреттері бүкіл адамзаттың тарихи мұралары» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференцияда Гобустан қорық-музейінің директоры Исаев Вугар Урфат оглы және Таңбалы музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараева екі ұйым арасындағы ынтымақтастық меморандум бойынша іс-сапар барысында тәжірибе алмасу, ғылыми жұмыстарды жандандыру секілді маңызды іс- шаралардың талқыланатыны туралы атап өтті. Көрме және конференция қорытындысы бойынша үстіміздегі жылы көрме каталог жарық көретін болады. Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер-қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі XIV-XIII ғасырдың ортасынан XIX-XX ғасырлар аралығын қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, 5000 аса жартас суреттері және табыну орындары (құрбан шалынатын жерлер) ашық аспан астында өзіне тән тарихи құндылығын сақтай отырып қорғалуда.                                               

       Олардың бәрі үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешенді құрайды. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы мен «Гобустан» ұлттық тарихи-көркемдік қорығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде музей-қорық мамандары тарихи-ескерткіштерді қорғап-сақтау, музей ісі, тарихи ғылыми-зерттеу, консервация және реставрация жұмыстары бойынша тәжірибе алмасады.

 

 

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз