«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы тас тарихы» атты кешенді музейлік сабақ өтті
Жаңалықтар
15 Июля 2026

2026 жылдың шілде айының 15-жұлдызы Алматы облысы Жамбыл ауданында ұйымдастырылған жыр-терме үйірмесінің тәрбиеленушілеріне арналған «Таңбалы тас тарихы» атты кешенді музейлік сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкері, белгілі жыршы Жылбек Бәшекұлы қатысушыларға музей-қорықтың тарихи-мәдени маңызы, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Таңбалы петроглифтерінің ерекшелігі және олардың адамзат мәдениетіндегі орны туралы жан-жақты мәлімет берді.
Сабақ барысында жасөспірімдер туған өлкесінде әлемдік маңызға ие бірегей тарихи-мәдени ескерткіштің орналасқанын, оны жыл сайын алыс-жақын шетелдерден келетін туристер қызығушылықпен тамашалайтынын білді. Сонымен қатар, дәріс барысында өңірдің бай табиғи мұрасы мен археологиялық ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарау мәселелері кеңінен сөз болды.

3D Тур Таңбалы