«Таңбалы» қорық-музейі
ЮНЕСКО-ның жартас өнері ескерткіштері бойынша объектілерді басқару тәжірибесімен алмасуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар
10 Октября 2025
2025 жылы қазан айының 10-жұлдызында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ЮНЕСКО-ның жартас өнері ескерткіштері бойынша объектілерді басқару тәжірибесімен алмасуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресей Федерациясының жартас өнері ескерткіштері саласындағы жетекші мамандары қатысты.
Күн тәртібінде Таңбалы, Сулайман Тоо, Гобустан және Карелия петроглифтерін сақтау мен насихаттау тәжірибелері талқыланды. Қатысушылар ЮНЕСКО нысандарын басқарудағы жетістіктер мен заманауи цифрлық технологияларды қолдану бағытында пікір алмасты.
Сондай-ақ «Таңбалы петроглифтерін консервациялау әдістері: отыз жылдық тәжірибе (1990–2023)» тақырыбындағы презентация ұсынылды.
Кездесу аясында қонақтар «Таңбалы» Сапар-орталығы мен археологиялық ландшафтымен танысып, музей-қорық қызметімен жақыннан танысты.
