«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы» музей-қорығының мамандары Гобустан музей-қорығында тәжірибе алмасты
Жаңалықтар
12 Декабря 2025

2025 жылдың желтоқсан айының 8-12 жұлдыздары аралығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорық мамандары А.Орашова және Д.Мырзабай Әзірбайжан Республикасы «Гобустан» тарихи-көркемдік музей-қорығымен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында кәсіби тәжірибе алмасу сапарын жүзеге асырды.
Сапар барысында қызметкерлер ЮНЕСКО-ға енген ескерткіштерді сақтау, зерттеу және таныстыру бойынша Гобустанның озық тәжірибелерімен танысты. Олар қор сақтау, каталогтау, петроглифтерді құжаттандыру әдістерін, сондай-ақ экскурсиялық қызметті ұйымдастыру мен туристік маршруттарды әзірлеу тәжірибесін зерттеді.
Іс-сапар шеңберінде «Таңбалы» музей-қорығының мамандары Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігінің қабылдауында болып, мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бұл сапар екі ел арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтып, «Таңбалы» музей-қорығының ғылыми-зерттеу және экспозициялық қызметін жетілдіруге жаңа мүмкіндік берді.








3D Тур Таңбалы