«Таңбалы» музей-қорығы
XVIII «Оразбаев оқулары – 2026» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады
Жаңалықтар
22 Апреля 2026

XVIII «Оразбаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады.
Ғылыми алаңда АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Франция және басқа да елдерден келген 100-ден астам ғалымдар мен зерттеушілер бас қосты.
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының шақыртуымен Әзірбайжан Республикасы, «Гобустан» мемлекеттік тарихи-көркем қорығы мен Қырғызстан Республикасы, «Сулайман-ТОО» ұлттық тарихи-археологиялық музей-кешенінен делегация қатысты. Конференция аясында музей-қорық директорлары Вугар Исаев, Медербек Апарханов және «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараева құттықтау сөз сөйледі.
Бағдарлама аясында жартас суреттері, тас дәуірі, орта ғасыр археологиясы, палеометалл дәуірі сияқты маңызды тақырыптар қамтылып, ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуде.
Конференция қонақтары «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Сулайман-ТОО - Бүкіләлемдік мұра нысаны» көрмесін тамашалады.
Конференция аясында «Дала желімен жеткен мәңгілік мұра: Әбдіманап Оразбаевтың ғылыми жолы» атты көрме ұсынылып, қатысушыларға Таңбалы археологиялық ескерткішіне ғылыми-танымдық экскурсия ұйымдастырылады.
Ғылыми жиын 26 сәуірге дейін жалғасады.





3D Тур Таңбалы