Біз әлеуметтік желілердеміз

«Танбалыда» білім мен ойын тоғысқан жаңа формат

Жаңалықтар
18 Сентября 2026
«Танбалы» музей-қорығында мектеп оқушыларына арналған жаңа форматтағы квест-экскурсия және «Tanbaly Talks» ашық аспан астындағы музейлік сабақ өтті.
Жобаның негізгі мақсаты - балалардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және музей кеңістігін заманауи әрі интерактивті форматта таныстыру.
Бағдарлама барысында оқушылар түрлі квест тапсырмаларын орындап, пазлдар құрастырып, жұмбақтардың шешімін тауып, петроглифтер әлемімен танысты. Сонымен қатар, олар археолог пен экскурсовод мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпарат алып, музей қызметінің қыр-сырына үңілді.
Танымдық ойындар мен практикалық тапсырмалар арқылы балалар тарихты тек тыңдап қана қоймай, оны зерттеп, сезініп және өздері ашуға мүмкіндік алды.
«Танбалы» музей-қорығы — тарихи мұраны сақтайтын ғана емес, оны жас ұрпаққа заманауи форматта жеткізетін білім беру кеңістігі.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз