Біз әлеуметтік желілердеміз

Таңбалы – ЮНЕСКО назарында

Жаңалықтар
03 Сентября 2025

Алматыдағы ЮНЕСКО кеңсесінде өткен маңызды кездесуде Қазақстандағы жартас өнерін сақтау мен дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе, Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген еліміздегі жалғыз петроглифтер ескерткіші ретінде негізгі фокусқа алынды.
Негізгі тақырыптар:
• Таңбалының қазіргі жағдайы және сақталуын жақсарту қажеттілігі;
• Туристік инфрақұрылымды дамыту арқылы ескерткіштің тұрақты қызметін қамтамасыз ету;
• Жаңа ұлттық стратегия қалыптастырудың маңыздылығы.
Ұсыныстар:
• Таңбалыда Ұлттық петроглифтер конгресін өткізу – жартас өнерін зерттеу мен қорғаудың ортақ платформасын құру;
• Халықаралық деңгейдегі тәжірибелерді енгізу;
• Қысқа мерзімді басқару жоспарын қолдау үшін ЮНЕСКО-ның шұғыл қаржыландыру тетіктерін қарастыру.
Кездесу өте жемісті өтті. Нәтижесінде, мәдени мұраны сақтау жолында жаңа серіктестік бастамалар мен нақты жобаларды іске асыруға келісім жасалынды.
 
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз