Біз әлеуметтік желілердеміз

Астанада «Таңбалы: Бабалар коды» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

Жаңалықтар
04 Июня 2026

2026 жылғы 4 маусымда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырған «Таңбалы: Бабалар коды» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Азамат Джолаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Акмарал Ибраева, белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев және тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, шығыстанушы, Еуразияның ежелгі және заманауи коммуникацияларын зерттеуші маман, ЮНЕСКО сарапшысы, «Таңбалы» музей-қорығының ғылыми қызметкері Виктор Новоженов құттықтау сөз сөйлеп, жобаның ұлттық мұраны насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз