«Таңбалы» қорық-музейі
«Музейге сый» акциясы аясында «Таңбалы» музей-қорығына сый
Жаңалықтар
30 Марта 2022
Наурыз айының 30 жұлдызында Алматы облыстық тарихи – мәдени мұраны қорғау орталығының жауапты мамандары «Таңбалы» сапар орталығына арнайы келіп, Алматы-Бішкек автожолын күрделі жөндеу кезінде Самсы, Тарғап ауылдары маңындағы археологиялық қазбадан табылған көне жәдігерлерді музей қорына өткізді. Әр кезеңдерді қамтитын қыш ыдыстар, тостағандар, жебелер, сүйек мөр табаны, қола сырға, фрагменттері, темір пышақ, күміс сақина, дөңгелек қолайна, моншақ, құмыра тұтқасы сынды тарихи жәдігерлер музейдің қосалқы қорын өз құндылығымен толықтары түсті.
Сонымен қатар ерікті жәдігер тапсырушы Ерік Сәрсенбеков Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының тау бөктерлерінен кездейсоқ тапқан қола дәуір қазанын «Музейге сый» акциясы аясында «Таңбалы» музей- қорығына сыйға тартты.