Біз әлеуметтік желілердеміз

Қонаев қаласында Алматы облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен, туристік фирмалар, МҰТП, қорықтар өкілдері үшін экскурсия жүргізушілерін дайындау курстары өтті

Жаңалықтар
14 Октября 2022

Қазан айының 8-13 аралығы Қонаев қаласында Алматы облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен, туристік фирмалар, МҰТП, қорықтар өкілдері үшін экскурсия жүргізушілерін дайындау курстары өтті.
Аталмыш курста өлкенің тарихын, географиясын және туристік жерлерін толық зерттеу қарастырылды. Сонымен қатар, оқуда гидтердің ары қарай дамып, өз саласының нағыз маманы болуына мүмкіндік беретін экскурсияларды әзірлеу және өткізу әдістемесін зерделеу де қарастырылды.
Сондай-ақ оқу үдерісінде білім алушылар туристік фирмаларда, мұражайларда, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экскурсовод ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификаттар алып, алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде дәлелдеді.
 
 
 
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз