«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы» музей-қорығында мәдени мұра объектілерін құжаттандыруға арналған ғылыми семинар өтті
Жаңалықтар
23 Декабря 2025
.jpg)
2025 жылдың желтоқсан айының 23-жұлдызында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «Мәдени мұра объектілерін құжаттандыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу, сақтау және қорғау ісінде құжаттандырудың маңызын талқылау, сондай-ақ осы саладағы заманауи әдістер мен тәжірибелерді ортаға салу болды.
Іс-шараға «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ қызметкерлері қатысты. Семинар барысында мәдени мұра объектілерін тіркеу, ғылыми-техникалық құжаттама әзірлеу, фото және бейнетіркеу, цифрландыру, геоақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе мен ұлттық заңнама талаптары аясында құжаттандырудың стандарттары туралы баяндамалар жасалды.





3D Тур Таңбалы