«Таңбалы» музей-қорығы
«Музей түні» акциясы аясында «ТҮНГІ ЖАРТАС БЕЙНЕЛЕРІНІҢ ЖАНДАНУЫ» мәдени-танымдық іс-шарасы өтті

«Музей түні» акциясы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «ТҮНГІ ЖАРТАС БЕЙНЕЛЕРІНІҢ ЖАНДАНУЫ» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келушілер жұлдызды аспан астында Таңбалы шатқалының тарихи-мәдени мұрасымен танысып, театрландырылған көріністер арқылы ежелгі жартас бейнелерінің тарихына саяхат жасады.
Кеш бағдарламасында этно-музыкалық сүйемелдеу, театрландырылған қойылымдар, петроглифтерді жарық арқылы таныстыру, «Көшпенділер аспаны» тақырыбындағы танымдық бөлім және от жанындағы аңыз айту дәстүрі ұйымдастырылды.
Қонақтар Таңбалы петроглифтерінің тарихи, рухани және мәдени маңызымен танысып, ежелгі көшпенділердің дүниетанымы мен аспан мәдениеті туралы мол мағлұмат алды.
Аталған іс-шара тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және келушілерге ерекше рухани әсер сыйлауға бағытталды.








3D Тур Таңбалы