Біз әлеуметтік желілердеміз

«Әлкей Марғұлан және Ежелгі Қазақстан мұрасы:Таңбалының ғылыми зерттелуі» атты көрмесі

Жаңалықтар
07 Ноября 2024

07.11.2024 жылы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай,«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Атамекен»тарихи-мәдени орталығында «Әлкей
Марғұлан және Ежелгі Қазақстан мұрасы:Таңбалының ғылыми зерттелуі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Көрме қараша айының 12 жұлдызына дейін жалғасын табады.Көрмеге қола дәуіріне жататан
«Таңбалы» музей-қорығының қабірлері мен тұрақтарынан табылған қыш ыдыстар,тұрмыстық қажеттілліке байланысты өңделген тастармен қатар,үстіміздегі жылы өткен халықаралық тарихи-археологиялық
экспедициясының қазба жұмыстары кезінде табылған VII-VIII ғасырларға тән тиын,түркі жауынгері және пышақтар қойылған.Көрме аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының кандидаты,Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары А.Д.Қасенова,тарих ғылымдарының кандидаты,Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология
институтының ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің меңгерушісі Ж.Р.Утебаев,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Т.Е.Қартаева, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Т.А.Аблаев, Алматы облысы музейлер бірлестігіне қарасты музей меңгерушілері, тарихшылар, археологтар, этногрофтар, музей саласының мамандары мен оқушылар қатысты.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз