Біз әлеуметтік желілердеміз

«Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасында «Таңбалы» музей-қорығының жылжымалы көрмесі таныстырылды

Жаңалықтар
27 Июня 2026

2026 жылғы 27 маусым күні Алматы облысы, Кеген ауданының Қарқара жайлауында өткен «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының «Жартас суреттері – адамзаттың алғашқы өнер туындылары» атты жылжымалы көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаты – Таңбалы археологиялық кешенінің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, жартас өнерінің ерекшеліктерін таныстыру және жастардың ұлттық тарихқа, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Көрме барысында келушілер Таңбалының бірегей петроглифтері, олардың тарихи маңызы мен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген ескерткіш ретіндегі айрықша құндылығы туралы жан-жақты ақпарат алды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз