«Таңбалы» музей-қорығы
Жамбыл ауданындағы жартас суреттері ескерткіштерін қорғау мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
29 Мая 2026

2026 жылдың 29 мамыр күні Аудандық кітапханада Жамбыл ауданы аумағындағы жартас суреттері ескерткіштерін анықтау, ғылыми зерттеу, құжаттандыру және мемлекеттік қорғауға алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, қорғау және насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланып, археологиялық ескерткіштердің маңыздылығы мен оларды келешек ұрпаққа жеткізудің тиімді жолдары қарастырылды.
Дөңгелек үстелге Жамбыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ашекеева Н.Е. , сала мамандары, музей қызметкерлері, зерттеушілер мен кітапхана өкілдері қатысып, өңірдегі тарихи мұраларды сақтау бағытында өзара пікір алмасты.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау – ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызды кепілі.



3D Тур Таңбалы