Біз әлеуметтік желілердеміз

Петроглифтер

I-ші топ жартас суреттері қола дәуірінің эскиздері және аяқталмаған суреттері болып табылатын, жануарлардың жеке кескіндері өте үлкен мөлшерде, 60-70 см дейін болатын 111 жартас суреттерінен құралады. Бұл топты туристерге жүріп өту жолдары қолайсыз болғандықтан, танымжорық II-топ жартас суреттерінен басталады. I-топта кездесетін жартас суреттері қайталанған түрде.  II-ші топтан да көруге болады. Бұл жерден негізінен қола дәуірі кезеңінде салынған жан-жануарлар бейнесі толықтырады. Атап айтқан да: тау ешкі, құлан, жыртқыш аңдар, т.б. бейнелерді көруге болады.

II-ші топ жартас суреттері–ең анық сымбатты, көрікті. Мұнда ежелгі 432 жартас суреттері орналасқан. Қола дәуірінің суреттері өте ірі, терең және мұқият қашап салынған. Тек осы жерден ғана  «аң терісін жамылған» адам бейнесін көруге болады. Тастағы жазбалары бұрынғылардан ашық, көрнекі, қола дәуірі кезеңінің жартас суреттер өте ірі және терең. Тек осы жерден нақты деректерді көруге болады.

Бейнелердің көлемі орташа алғанда 25-30 см. Ал ең ірілері  

70-100 см. құрайды.

Қашап салған суреттер тереңдігі 3-5мм.

Сурет салу өнерлері әртүрлі.

Жартас суреттерінің негізгі бөлігі зооморофтық яғни жабайы бұқа, түйе, құлан, ат, марал, ешкі, шошқа, қасқыр, ит. т.б. бейнелеген.

III-топ тарихи ескерткіштеріне саяхат.

ІІІ-ші топ мұнда 444 петроглиф бар, қола дәуірі, ертедегі темір дәуіріне, орта ғасырларға  жатады алайда олардың елеулі бөлігі келесі ғасырларда жаңаланған.  Композициялардың көпшілігі ерте темір және орта ғасыр кезеңінің петроглифтары мен толықтырылған.   

Тасқа ойып, қашап салу өнерінің ең үздік туындысы ретінде өгізге мінген күн басты құдайлардың және буаз сиырдың бейнелері болып табылады. Сақ кезеңіне жататын аң стиліндегі жануарлардың бейнелері бейнеленген.

IV-топ тарихи ескерткіштеріне саяхат.

       IV-ші топ мұнда 700 астам петроглифтер бар, олар қола дәуірі, ертедегі темір дәуіріне, орта ғасырларға және жаңа уақыт кезеңіне (XVII-XX ғасырлар) жатады.  Қола дәуіріндегі салынған ерекше жартас суреттерінің бірі 7 күн басты бейнелері. Ал төменірек  12 ғұрыптық би билеген адамдар бейнесі салынған. Осы жартас бетіне қарама-қарсы аумақта қола дәуірі кезеңінің ғұрыптық құрбан шалу орнын көре аламыз. Құрбан шалу орнына археологиялық қазба жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде құрбандыққа шалынатын жануардың астына қоятын тас плита сынығы және жануарлар сүйегі табылған.

V-топ тарихи ескерткіштеріне саяхат.

   V-ші топта 1000-нан аса жартас суреттер кездеседі. Солардың ішінде қола дәуірі ерте темір дәуірлерінің  бірнеше үлкен аңдардың суреті салынған. ( Бұқа, шошқа т.б.)  Сонымен қатар «Азия» дауысы музыкалық фестивалінің эмблемасының түп нұсқасы күнбасты бейнесі бар. Ортағасырлық жазбалар басқа ғасырлардағы суреттерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен ерекшеленеді, бозбалалардың өзара соғысы, батырлардың суреттерін атты адам бейнелері бейнелеген.

Ерекше тас жазбалары өте үлкен топты құрайды. 1-суреттің өзі бірталай мағынаны береді және олар көп жерлерде қайталанған түрде кездеседі. Осы топтан қола дәуірі кезеңінің екі дөңгелекті арба бейнесін көре аламыз.

Таңбалы II қабірі

      Таңбалы-II қабірі б.з.д. XII-XIII ғ.ғ. 2 топтан тұрады.  Тас жәшікте (цистада) солтүстік жағында әйелдер мен еркектерді оңтүстігінде  балаларды қол-аяғын бүгіп сол қырымен жатқызып жерлеген. Кейбір қабір қабырғасында қола дәуірінің суреттері салынған. Қабірлерге қазба жұмысынжүргізіп зерттеген кезде қыш ыдыстармен сүйектер табылды. Таңбалы-II қабірі ең ежелгі болып есептеледі.

Қола дәуіріндегі топтастыра жерлеу орындары. Бұл орын Таңбалыдағы негізгі  тарихи ескерткіштердің бірі болып табылады және олар таулы аймақтарда орналасқан. Қазіргі таңда қола дәуірінің негізгі ескерткіштері зерттелген. Бұл жерден 7 жерлеу орындары қарастырылған, Таңбалы-I,II,IV,V,VI,VII және Қарақұдық-II қабірлері.

Негізгі жерлеу орындары Таңбалы өзенінің оң және сол жағалауларында орналасқан. Ең ірі жерлеулерге Таңбалы-I,II және Қарақұдық-II қабірлері жатады. Таңбалының ескерткіштері Оңтүстік Қазақстандық және Жетісу жерлеріндегі ескерткіштерге ұқсас болып келеді. Мәдениеттік жерлеулер өте көне және елеулі ескерткіштер болып саналады. Жерлеу орындары өзен жағалауларында топтаса орналасқан.

Қола дәуіріндегі адамдардың тұрған қонысы  негізгі  таулы  аймақта  орналасқан. Таулы  аймақ 300 ден 1200  метр2 шатқалды аймақтар алып жатыр. Барлық қоныстарда мен тұрақтар, мал қоралары және олардың тұрғылықты жерлері Таңбалы кешенінің  көне заманнан келе жатқанынының айғағы.

 

«Таңбалы» қорық-музейінде ерекше және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар.

Таңбалы шатқалының құрамына Солтүстік Тянь-Шань өлкесінің жазық-тау алды, шөлді-далалы аймағы кіретін Іле Алатауынан Балқаш көліне дейін созылып жатқан Айтау (Шу-Іле) тауының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

«Таңбалы» қорық-музейіндегі алыстан көзге бірден түсетіні сай аузынан қалыптасқан шағын каньон. Алқаптың бұрылысындағы жартасты баурай кейде көрермендердің назарын өзіне аудартып, тұйық кеңістік елесін тудырады.

«Таңбалы» қорық-музейінің аумағы өзінің бұрынғы кейпін сақтап қалған, онда жабайы хайуанаттар – қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан, сонымен қатар құстардың көптеген түрлері, оның ішінде «Қызыл кітапқа» енген он бірі: дуадақ, безгелдек, жек, бұлдырық, қарабауыр шіл, тазқара, бүркіт, ақ тұйғын, қаршыға, ителгі, дала қыраны тіршілік етеді.

«Таңбалы» археологиялық ландшафты аумағында тек Шу-Іле тауында ғана кездесетін өте сирек әрі көнеден келе жатқан жергілікті өсімдіктерге ие ботаникалық топ: Регел қызғалдағы, (Tulipa regelii Krash), Юнон Кушакевич (junokuchakeviczii), Жетісулық Недзвед (Niedzwedzkia semiretscenskia) қызғалдағы сақталған аймақ бар. Регел, Юнон Кушакевич және басқа да қызғалдақтар арнайы қорғауды қажет етеді. Одан басқа ескерткіш аумағында Тянь-Шань тауының тау алдындағы шөлі мен оған тән өсімдікті ландшафтына адам қолы тимеген жер телімдері сақталған, дегенмен аймақтағы осындай ландшафттың басқа  көпшілік жер телімдері, сол кездің өзінде пайдаланған немесе мал жаю нәтижесінде бұзылған. Сонымен қатар мұнда табиғи сұлулығы ерекше ландшафты жер телімдері мен биоәртүрлілігі биік деңгейлі аймақ бар.

Біз әлеуметтік желілердеміз