Біз әлеуметтік желілердеміз

Музей-қорық

«Таңбалы» археологиялық кешенінің ғылыми зерттеу тарихы. 1957 жылы ҚазКСР-і ҒА Оңтүстік Қазақстан экспедициясының Жетісу отряды Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Таңбалы  кешенінің петроглифтеріне және археологиялық ескерткіштеріне (қорымдар, елді-мекендер, құрбан шалатын жерлер және т.б.) зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1970-1990 жылдары Таңбалыдағы жартас суреттерін зерттеу және қорғандар мен тұрақтарға археологиялық қазба жұмыстарын Алан Георгиевич Медоев,  Алексей Николаевич Марьяшев, Алексей Евгенивич Рогожинскийлер жүргізді.

1990-1993 жылдары Таңбалыда және Қазақстанда алғаш рет жартас суреттеріне консервация бойынша тәжірбие жұмыстары жасалды.

 

2001 жылы Таңбалы кешені Мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне кірген, Республикалық мағыналы және мемлекет тарапынан қорғалатын кешен болып табылады.

2004 жылдың 7 шілдеде Таңбалы археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді.

2005 жылы 19 қыркүйекте ЮНЕСКО штаб пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафты жартас суреттері» Қазақстандық номинациясын  енгізу туралы Сертификатты тапсыру рәсімі өтті.

2014 жылы Алматы облысы әкімі және ҚР мәдениет және спорт министрлігі арасында екі жақты меморандумға қол қойылды. Басты мақсат «Таңбалы» кешенінің инфрақұрылымын жақсартумен қатар туризмды дамыту.

2020 жылдың 26 қарашасында «Таңбалы» сапар орталығы ашылды.

Таңбалы археологиялық кешені туралы жалпы мәлімет.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі 900 гектарды алып жатқан Таңбалы  археологиялық ландшафтына кіреді, сонымен қатар аймақтың аралық бөлігін 2900 гектарда орналасқан Бүкіләлемдік Мәдени Мұра Тізіміне енген ескерткіштер алып жатыр. Осы аймақтар біріге келе 3800 гектарлы қорғалатын аймақ қорық - музейін құрайды.  Ал ескерткіштің аралық аймағына жалғасқан «Таңбалы» Визит орталығы үшін 24 гектар жер телімі берілген.

Таңбалы археологиялық кешенінде жүзге жуық әр уақыттағы ескерткіштері, қоныстар, қабірлері, жартас суреттері, қола дәуірінен б.з.д. XIV-XIII ғасырлардың ортасынан XIX-XX ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

  Қарақұдық II қабірі тау бөктерінде орналасқан. 1957 жылы Қазақстанның алғашқы тәжірбиелі археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен осы қабірге қазба жұмыстары жүргізілді және осы жерден бастап Таңбалы кешенінің тарихи ескерткіштері зерттеле бастады.

  Максимова Анна Георгиевна (1923-2002) Кемеровск облысында дүниеге келген. 1942 жылы педагогикалық институттын бітірген. 1942-1946 жылдар аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінде оқыған.

Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітіргеннен кейін Қазақстанға тарих, археология және этнография институтына жұмысқа шақырылған. «Қазақстанның археологиялық картасы», «Қазақ ССР тарихы» (1 том, 1977ж.) жұмыстарының негізін құраған Қазақстанның алғашқы тәжірбиелі археологы.

Қарақұдық II қабірі кейінгі қола дәуіріне қарасты (XII-X ғғ б.з.д.) ересек адамдар мен балалар жерленген тас жәшіктерінен құралған.

 1970 жылы тас жәшіктің бір қабырғасында ежелгі Таңбалының тастағы суреттері жануарлар стилінде салынған, көлемді ешкінің бейнесі табылған. Қола дәуіріне жататын қабірдің шығыс бөлігінде қазылған 3 ғұрыптық орынның бірінен белгі тас («оленный» камень) табылған. Қазылған қабірлердің көп бөлігі ертеде тоналған, бірақ қола дәуірінің қазылған қабірлері өте маңызды жаңалық болды. Қарақұдық II қабірі Андронов мәдениетіне жататын бірінші қабір болып табылады.

Бұл қабірлерде қыш ыдыстар, қола және темірден жасалған заттарды, адаммен бірге жерлеу ғұрпы сақталған.

Кешенде жалпы алғанда жүзге тарта әр түрлі уақытқа жататын ескерткіштерден – б.з.д. ХIII-ХIV ғасырдың ортасынан бастап ХІХ–ХХ ғасырларға дейінгі кең аралықтағы кезеңдермен мерзімделетін қоныстар, қорымдар, петроглифтер мен ғұрыптық құрылыстардан (құрбан шалатын жерлер) құрылған. Осыған орай «ашық аспан» астындағы ландшафттық музейлер экспозициясының айтарлықтай ерекше, әсіресе оның табиғи ортадағы экспозициясы әдеттегі музей экспозициясынан өзгеше. 

 

САПАР ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Таңбалы» қорық-музейінің сапар орталығы 2019 жылы пайдалануға берілді. Барлық талаптарға сай заманауи үлгіде жабдықталған ғимарат экспозициялық зал, конференц-зал, кітапхана, зертхана, кеңсе, асхана және жатақханамен қамтылған.

Ғимарат екі бөліктен тұрады:

- әкімшілік ғимарат;

- асхана және жатақхана;

І. Әкімшілік ғимарат екі қабаттан тұрады.

Бірінші қабатта: қабылдау бөлмесі, дүкен, киім ілетін орын, кезекші гидтерге арналған бөлме, 108 орындық конференция залы (LED экран, проектор, 10 адамға арналған жиналыс үстелімен жабдықталған), қажетті жиһаз жинағы бар зертхана, кітапхана, көрме залы, сервер бөлмесі және қойма бөлмелері орналасқан.

Екінші қабатта: кеңсе және қызметкерлерге арналған 12 кабинет ( барлығы да қажетті кеңсе жиһаздарымен және оргтехникамен жабдықталған) орналасқан.

ІІ. Асхана және жатақхана ғимараты:

Бірінші қабатта 80 орынға есептелген асхана (тоңазытқыштармен, ыдыс- аяқ жуу орындарымен, тағамдарды сақтау қоймасымен, механикалық және қосалқы жабдықтармен жабдықталған) қарастырылған.

Екінші қабатта 16 адамға арналған 8 қонақ бөлме, 2 VIP бөлме (кереуеттер, орындықтары бар үстелдер, гардеробтар, телефон сияқты жалпы мақсаттағы жиһаздың қажетті жиынтығымен), кір жуатын (кір жуғыш машиналармен, үтік, тақтамен қамтылған) және жуынатын бөлмелер ( душ кабиналары) орналасқан.

 

Кіру билеттері

Билет құны:

ересектерге – 500 теңге

студенттер мен зейнеткерлерге – 250 теңге

Оқушыларға – 150 теңге

мектеп жасына дейінгі балалар – тегін

 

Таңбалы музей-қорығында қосымша көрсетілетін қызмет түрлері:

  • Атпен серуен

  • Кәдесый бұйымдар дүкені

  • Тіскебасарлар, шәй және кофе

  • Салқындататын сусындар

 

 

 

Біз әлеуметтік желілердеміз