Біз әлеуметтік желілердеміз

Елді мекендер

Таңбалы шатқалының таулы бөлігінде қоныс тұрақтары орналасқан. Адыр үстіндегі (ойлы-қырлы жердегі) қоныстар 300-ден 1200-ге дейінгі ш.м. болатын шағын алаңды алып жатыр және әртүрлі геоморфологиялық жағдайда: алқаптың енді бөлігі шағын сай баурайының еңісінде немесе биіктеу бөлігіндегі қырында орналасқан. Топографиясының әр түрлілігіне қарамастан негізгі алаң оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында жатыр. Көпшілік қоныстар сияқты мұнда да тұрақты құрылыс қалдықтарының барын (баспана, малға арналған қоралар), сонымен бірге атап өткендей орналасқан орнының ерекшеліктері оларды ұзақ уақыт бойы, әсіресе маусымда (қысқы уақытта) Таңбалының ежелгі бақташылары пайдаланғандығын көрсетеді. Тұрақты қоныспен қатар болмашы мәдени қабаты бар, арасында үй жануарларының сүйектері басым тас қашарлардың қирандысын атап өтуге болады. Мұндай ескерткіштерді көктем-күз маусымдарында пайдаланатын уақытша қоныс немесе тұрақ ретінде топтастырып, көшпенділер мәдениетінің жаңа кезеңіне жатқызылды. Таңбалының белгілі қоныстарының көпшілігі бірқатар тарихи дәуірлерден қалған мәдени қалдықтары бар көп қабатты ескерткіштерге жатады. Қазба жұмыстары тек екі қонысқа – Таңбалы І және V жүргізілді. Айтарлықтай маңызды стратиграфиялық мәліметтер төрт тарихи кезеңнің мәдени қабаты анықталған Таңбалы І қонысынан алынды. 2,8-3,2 м тереңдіктен жақсы сақталған кейінгі қола дәуіріне жататын (калибрлі мерзімі бойынша б.з.д. ХІІ-Х ғғ.) еден үстінде ошағы мен еден астына үй қойларын ғұрыптық жерлеген баспананың іргетасы анықталды; доғал пішінге жататын станокта жасалған керамикалық кешен және қара түспен жылтыратылған ыдыстардың сынықтары табылды. Оның үстінен ерте темір ғасырына (үш калибрлі мерзім бойынша б.з.д. VI/V – IV ғғ. және б.з.д. II ғ. – б.з. I ғ.) жататын екі рет өрт қабаты жапқан, сонымен қатар кейінгі орта ғасырлар (XVI–XVII ғғ.) мен этнографиялық кезеңдегі (ХІХ – ХХ ғғ. шегіндегі) тас құрылысының қалдықтары шықты. Қоныстың әртүрлі қабатынан 14С және ЭПР әдісі бойынша оннан астам калибрлі мерзім алынды.

Таңбалы І қонысының тұрғындарынан қалған барлық кезеңнің мәдени қабатынан петроглифі бар құрылыс тастар шықты. Әсіресе ерте темір дәуіріне қатысты бейнелердің көрнекті топтамасы шыққан өрт қабатының калибрлі мерзімі б.з.д. V–IV ғғ. жатады.

Таңбалы І-қонысында жүргізілген стратиграфиялық кесінді және Таңбалы өзені алқабындағы голоцен шөгіндісіндегі кесінді қабатының үлгілері бойынша қола дәуірінен қазіргі уақытқа дейінгі аралықта ауданның палеоклиматтық өзгерістерінің тренді алынды.

Біз әлеуметтік желілердеміз