Біз әлеуметтік желілердеміз

Зираттар

Қабірлер кешеннің шатқалды және тегіс аумақтарында орналасқан. Екі түрлі жерлеу ғұрыптарымен жерленген, тас жәшіктер және тас қоршаулармен қорғандар.

Каракұдық II қабірі, тас жәшіктер ( циста) ; (N  43º48´08,6´´E 075º32´49,8´´) қола дәуірі (б.з.д. 13–12 ғ.)  Ескерткіш 1957жылы 9-24 қыркүйек аралығында Жетісу және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының топтарымен зерттелген.

Зерттеу А.Г. Максимованың жетекшілігімен жүргізіліп, зерттеуді А.М. Оразбаев, А.А. Чариков, О.М. Грязнов және т.б. жалғастырды. Ескерткіш Жетісулық нұсқаға сәйкес андронов мәдениетіне жатқызылды. Жетісу өңірінде алғаш зерттелген қола дәуіріндегі қабірлері болып саналады.

Қабірде 4-тас жәшікте ересек адамдар жерленген және 25-тас жәшікке жас өспірім балалар жерленген, бос тас жәшіктер де кездеседі.

Қабірден қыш ыдыстар мен сырға, алқа, қола айна т.б. әшекей заттар табылған. №22 тас жәшіктің қабырғасына тау ешкі бейнесі бейнеленген.

1957 жылы 19 қыркүйекте қабірге қазба жұмысын жүргізу кезінде суретші А.А. Попов «Таңбалы» кешеніндегі жартас суреттерін қосымша суретке түсірген.

Таңбалы II қабірі, (N  43º48´25,0´´E 075º32´05,8´´). Қабірдің солтүстік аумағында: қола дәуірінің тас қоршауларымен тас жәшіктер кездеседі (б.з.д. 13-12 ғғ). Ескерткіш 1982 жылы Абай атындағы қазақ педогогикалық университетінің археологиялық экспедициясының жетекшісі А.Н. Марьяшовтың бастамасымен зерттелген.

Қоршауда 4 тас жәшік өңделмеген тастармен күрделі жасалғаны кездеседі. Тас жәшікке орта жастағы үш ер адам және әйел адамдарды өртеп жерлеген. Қыш ыдыстармен қола әшекейлер кездескен. Өртеп жерлеу салдарынан мәйіттің қалдықтары шашыраңқы түрде қабір түбінен табылған.

 Қабірдің оңтүстік аумағындағы тас жәшіктерден ересек әйелдердің және бойжеткен қыз-балалардың сол кезеңдегі ғұрыптық өртеп жерлеу қалдықтары табылған. Мәйітті қол-аяғы бүгілген түрде, сол жақ қырымен, басын батысқа қаратып жерлеген. Қабірден өрнек салынбаған қыш ыдыстар және қола әшекейлері табылған (сырға, алқа т.б.).  

Екі тас жәшікті салу кезінде жартас суреті бар тастарды қолданған. №9 тас жәшікте бейнеленген бейне күн басты бейнесі болуы мүмкін. 11 тас жәшікте сиынушы адамдар, тау ешкі, бұқа, т.б. кездеседі.

Таңбалы IV қабірі  (N  43º47´51,2´´E 075º32´07,15´´) Таңбалы өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Шамамен батыс – оңтүстік - батысқа бағытталған 10-нан аса тас жәшіктермен қоршаулардан тұрады. Қазба жұмысы 1992 жылы жүргізілген.

Қабірдің шығыс  жерлемінде қыш ыдыс қалдықтары, қола әшекейлер т.б. табылған. 

Таңбалы V қабірі (N  43º47´51,7´´E 075º32´12,35´´) Таңбалы IV қабірінен оңтүстікке қарай 170 метрде орналасқан.

Қабірдің аумағында қазіргі заман құрылыс қалдықтары болған. Тас қоршаулар көлемі 3х3 метр, қола дәуірі. Қоршаудан батысқа қарай қорған орналасқан, қорған құрылысы жол түсу салдарынан бұзылған. Шамамен ерте темір дәуірін қамтиды.

Таңбалы VI қабірі (N  43º47´51,7´´E 075º32´12,35´´).Таңбалыдағы қола дәуірінің ең ірі қабірі болып есептеледі.Қабір Таңбалы өзенінің кеңейтілген жазықтығында орналасқан. Қабірдің негізгі орналасқан аумағы 1500 кв. метр жерді алып жатыр. Қазба жұмысы 1986 жылы жүргізілген. Қабірден солтүстік-шығыс тас жәшігінде жас өспірім жерленген және де ғұрыптық өртеп жерлеу (кремация) де кездескен.

Біз әлеуметтік желілердеміз